Таэквондо. «Korea Open» халықаралық турнирі аяқталды

Таэквондо. «Korea Open» халықаралық турнирі аяқталды

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таэквондодан «Korea Open» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

G-2 санатындағы беделді жарыс 22-27 шілде аралығы жалғасқан болатын. Байрақты бәсекеде кадеттер, жасөспірімдер мен ересектер таеквондоның (WTF) барлық бағыты бойынша жүлделерді сарапқа салды: пхумсэ, кёруги, TK-5 форматындағы командалық сайыстар және "кёкпа" немесе тақтай жару.

Өкінішке орай ел намысын қорғаған Қазақстан ұлттық құрамасының 5 бірдей саңылағы ақтық сыңдарға жете алмай жарыстан шығып қалды. Олардың арасында Жаппаров Руслан, Дүйсебай Смайыл, Ержан Абылқас, Алдангорова Фариза мен Ергешова Феруза да бар.

Ал таеквондо спортының негізін қалаушы Корея елінде өнер көрсеткен жас өрендер жақсы нәтиже көрсетті. Кадеттер арасында сынға түскен «Mustafa-Astana» спорт клубының балғындары 4 бірдей жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Жалпы 5 кадет өнер көрсетті десек, бұл өте жақсы көрсеткіш екені айдан анық.

Жарылқасын Қанат үздік атанса, Төлебай Жансая қарсыласына финалда жол беріп, күміс жүлдеге қанағат етті. Кан Максим мен Әлімқұлов Елжан 3 орынға қол жеткізді.

ҚРТФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или