Жеңіліп көрмеген қазақстандықтар Германиядағы бокс кешінде өнер көрсетеді

Жеңіліп көрмеген қазақстандықтар Германиядағы бокс кешінде өнер көрсетеді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылар Александр Ковригин (6-0, 4КО) мен Виктор Темиров (3-0, 3КО) рингке оралатын күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылар 3 маусымда Германияның Эбербах қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.

22 жастағы Александр Ковригин жеңіл салмақта (57 келіге дейін) жұдырықтасады. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Ал 22 жастағы Виктор Темиров бірінші жартылай орта салмақта (69 келіге дейін) өнер көрсетеді. Қарсыластың есімі жақын арада белгілі болады.

Айта кетейік, Ковригин мен Темиров кәсіпқой рингте жеңіліссіз келе жатыр. Александрда алты, Викторда үш жеңіс бар.

Осы кеште рингке ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы титулына үміткер қазақстандық Артур Манн (19-3, 10КО) шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или