Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Диас Қаленге күміс медаль бұйырды

Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Диас Қаленге күміс медаль бұйырды

Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасында Азия чемпионатында қазақстандық Диас Қален (82 келі) күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы финалда қырғыз балуаны Ақылбек Талантбековке 2:3 есебімен жеңілді. Осылайша ол екінші жыл қатарынан күміс жүлдеге қол созып отыр.

Ол құрлықтық додада бұған дейін өзбекстандық Мухаммодкодир Расуловты, жапониялық Юя Маетаны жеңіп кетті.

Сондай-ақ, Олжас Сырлыбай (97 келі) қола жүлдегер атанды. Ол 3-орын үшін сайыста үндістандық Нариндер Чеманы жеңді. Қызылордалық балуан ширек финалда қырғызстандық Узур Жүсіпбековтен жеңіліп қалса, жұбаныш белдесуінде оңтүстік кореялық Сейеол Лиден басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или