UFC 287 турниріне қатысатын файтерлер көз түйістірді. Видео
Қазақстан уақыты бойынша 9 сәуір күні таңертең Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) өтетін UFC 287 турнирінде өнер көрсететін файтерлер дәстүрлі көз түйістіру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы UFC чемпионы бразилиялық Алекс Перейра мен осы дивизионның рейтингінде бірінші орында тұрған жаңа зеландиялық Исраэль Адесанья кездеседі.
Алғашқы кардта Қытайда тұратын этникалық қазақ Нұрданбек Сайран UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Стив Гарсия болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или