Бек Нұрмағанбет АҚШ-тағы екінші жекпе-жегін өткізеді
Әуесқой бокстан Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) 15 сәуірде Помонада (Калифорния, АҚШ) кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Suleimen Promotions командасы Instagram желісінде хабарлағандай, 25 жастағы Бектің қарсыласы 36 жастағы венесуэлалық Эберт Рондон (20-3, 13 КО) болады. Жекпе-жек екінші орта салмақта өтеді.
Бек Нұрмағанбет АҚШ-тағы екінші жекпе-жегін өткізгелі отыр. Бұған дейін ол рингке былтыр 22 қазанында Мехико қаласында шыққан. Сол кеште Бек жергілікті боксшы Лусиано Чапарро Араухоны (7-6-3, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или