Қазақстан бокс федерациясының жаңа вице-президенті тағайындалды
Қазақстан бокс федерациясы құрамы толықты. Медет Ералимов Қазақстанның басты бокс ұйымының вице-президенті атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол федерацияның жалпы мәселелерімен айналысады.
«Медет Болатұлы 1989 жылы 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Заңгерлік білімі бар, кәсіпкер, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты. Джентльмендерге арналған спорттың нағыз жанкүйерлерінің бірі.
Қазақстан бокс федерациясы және еліміздің бокс қауымдастығы Медет Ерәлімовті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған жаңа қызметте толағай табыс, өркендеу және жетістіктер тілейді!», — делінген федерация хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или