Теңге ілуден Азия чемпионаты өтеді

Теңге ілуден Азия чемпионаты өтеді

Қазақ xандығының 550 жылдығына орай Теңге ілуден Азия чемпионаты ұйымдастырылмақ, хабарлайды «PROСПОРТ».

Теңге ілу – ержігіт сайысына ұқсас қазақтың ұлттық ат спортына жататын ертеден келе жатқан ойындарының бірі. Теңге ілу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Желіп келе жатқан аттың үстіне отырып желісін баяулатпастан төменге тез иіліп сол және оң жағынан орамалмен оралған теңгені көтеріп, артына тастап отыруы керек.

Әрбір сәтсіз талпыныстың соңынан айыптық уақыт белгіленеді. Теңгені көп ілген салт атты жеңімпаз атанады. Теңге ілу алаңының ұзындығы 120 метр. Теңгені іліп алуға дейінгі қашықтық 30 метр. Теңге саны 5-еу. Теңгелердің ара қашықтығы 10 метрден. Жарысқа бекітілген ережеге сай спортшының уақыты, ілген теңгесінің санына бөліп қортындысы шығарылады.

Айта кетейік, чемпионат ІІ «Алтын тұлпар» республикалық аламан бәйге аясында өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или