Айдар Шәрібаев рингке оралатын күн белгілі болды

Айдар Шәрібаев рингке оралатын күн белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев (9-1, 7КО) ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айдар 27 мамырда Коммерс қаласында (Калифорния, АҚШ) өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтеді және алты раундқа созылады. Қарсыластың есімі әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Шәрібаев 2021 жылдың желтоқсанында Астанада Ресей өкілі Шохрух Әбдиевті жеңгеннен бері рингке шықпаған.

Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингте тоғыз жеңісі бар (оның жетеуі нокаутпен), бір мәрте жеңіліп қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или