Бұрынғы әлем чемпионы допинг қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді

Бұрынғы әлем чемпионы допинг қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді

Британдық боксшы Амир Хан допингке қарсы ережені бұзғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports kz.

Жартылай орта салмақтағы WBA және IBF тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы 2022 жылдың ақпанында Келл Брукпен жекпе-жектен кейін допингке тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Өткен мамырда спорттан кететінін жариялаған 36 жастағы Хан допингке қарсы ережені бұзғанын мойындады, бірақ мұның әдейі жасалмағанын айтты.

Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 6 сәуірінен бастап есептеледі және 2024 жылдың 5 сәуірінде аяқталады.

Хан өзінің мансабындағы соңғы жекпе-жекте Бруктан алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды. Әмірдің еншісінде кәсіпқой рингте 34 жеңіс (21 нокаутпен) және алты жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или