Бибісара Асаубаева Үндістандағы жарыста топ жарды
Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлемдік аламанға ең үздік деген 12 спортшы шақырту алды. Араларында қазақстандық Бибісара Асаубаева да бар. Ол бүгінге дейін барлық кездесулерін сәтті өткізіп, турнир тізімінің 1-сатысында тұр. Соңғы турда қазақ қызы жергілікті Хампи Конермен жолығып, ойын тең нәтижемен аяқталды.
Бибісара бұған дейін ресейлік Полина Шувалованы және үндістандық Харика Дронаваллиді сенімді ұтқан болатын. Соның арқасында жерлесіміздің еншісінде қазір 4,5 ұпай бар. Екінші орында 4 ұпаймен қытайлық Жу Цзинер келеді. Бүгін енді осы топ басындағы қазақ және қытай қыздары өзара мықтыны анықтайды.
Нью-Дели қаласында дода 6 сәуірге дейін жалғасады. Осы аралықта жоғарыда айтқан 12 спортшы айналмалы жүйеде бір-бірімен кездесіп шығады. Негізгі бұл бәсекеге тағы бір қазақстандық Жансая Әбдімәлік те қатысуы керек еді. Бірақ, ол ұйымдастырушылардың жұмысына көңілі толмай, жарыс басталмай тұрып елге қайтып оралды.