Қазақстан тумасы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті
Қазақстан тумасы Роман Фресс (16-1, 9 КО) Хемниц қаласында (Германия) өткен бокс кешінде титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фресс неміс Роман Горстпен жұдырықтасты (8-2, 7 КО). Бұл жекпе-жек он раундқа есептелген және бірінші ауыр салмақта неміс боксшылары қауымдастығының (BDB) нұсқасы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеу бәске тігілді. Жекпе-жектің екінші раундында Фресс нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша Роман Фресс кәсіпқой мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізсе, Роман Горст үшінші рет жеңіліске ұшырады. Фресстің Возвышенкада (Солтүстік Қазақстан облысы) дүниеге келген, бірақ Германияға бала кезінде көшіп кеткен. Ол WBO Inter-Continental чемпионы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или