Рыбакина Майамидегі турнирдің финалында кіммен кездеседі

Рыбакина Майамидегі турнирдің финалында кіммен кездеседі

Бүгін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) турнирде финалдық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы Чехия спортшысы Петра Квитова (12-орын) болмақ. Кездесу Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Турнирдің жартылай финалында Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы (3-орын) жеңді.

Айта кетейік, Майамидегі турнирдің жеңімпазы 1 262 220 доллар сыйақы мен 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или