Майами турнирінің финалына шыққаныма қуаныштымын – Елена Рыбакина
Майами турнирінің финалына шыққан қуанышымды сөзбен жеткізу қиын. Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина жартылай финалдық матчынан кейін осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен шынында да қуаныштымын. Осылай болады деп күткен жоқпын. Мен турнирге келген кезде бәрі, әсіресе, алғашқы ойындарда қиын болды. Сондықтан финалға шығамын деп ойламап едім. Мен шынында да бақыттымын және өзіммен мақтана аламын. Мені қолдаған жанкүйерлерімнің барлығына алғысымды айтамын», деді Е.Рыбакина.
Финалда қазақстандық теннисші чехиялық Петра Квитова немесе румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен ойнайды.
Майами WTA 1000 жарысының соңғы бәсекесі 2 сәуір, жексенбі күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или