Джеймс Тони: «Головкин Лемьені уақытынан бұрын жеңеді»

Үш салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпион, 46 жастағы америкалық Джеймс Тони WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин мен дәл осы салмақта IBF чемпионы Давид Лемье арасында өтетін жекпе-жек туралы өз болжамын айтты.

Тонидың айтуынша, екі боксшы арасындағы жекпе-жекте қазақстандық спортшы жеңіске жетеді. «Жақсы кездесу, - деді Тони. - Лемье мықты боксшы, дегенмен Головкин уақытынан бұрын жеңеді. Мен Головкин мен Ковалев арасындағы жекпе-жекті көргім келеді».

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) алғашқы кездесуі болмақ.

Tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или