Олимпиада-2022: Денис Тен ХОК мүшелері алдында сөз сөйлейді

Олимпиада-2022: Денис Тен ХОК мүшелері алдында сөз сөйлейді

Қазір Қазақстанның өтінім комитетінің құрамында Малайзия астанасы Куала-Лумпурде жүрген Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен 31 шілде күні Алматы-2022 өтінімін ақырғы рет таныстыру рәсімінде ХОК делегаттары алдында сөз сөйлейді.

«Мен бір жыл бойы арнайы елші ретінде халықаралық алаңдарда Алматы-2022 өтінімін алға жылжыту шараларына қатысып келемін. Осындай жаһандық оқиғаға қатысып, Қазақстан атынан сөз сөйлеу мен үшін үлкен құрмет. Мен қазір ХОК мүшелері алдында сөйлейтін сөзімді қайталап, дайындалып жатырмын және бүгінгі сіз бен біз қолға алған істің қаншалықты ауқымды екенін ұғынып отырмын. Қазақстан супер жаһандық іс-шараны өткізу құқығы үшін күресуге әбден лайықты. Осыдан 17 жыл бұрын сырғанауды енді бастағанда, мен сауда орталығында жаттығып жүрдім. Ондағы мұздың сапасы, былайша айтқанда, сын көтермейтін еді. Ал бүгінде Қазақстанның олимпиадалық медалі, Әлем чемпионатының медалі және жаһандық спорт форумы үшін «күресе» алатын техникалық мүмкіндігі бар. Мен біз үшін жағымды жаңалық болады деп үміттенемін. Біздің өтінім көңілге қонымды, көптің көңіліне сенім ұялатады. Қазақстан мен Қытайдың идеялары – бұл мүлдем екі түрлі позиция. Қос өтінім де өте мықты, бір-бірінен қалысар емес, алайда Алматының мүмкіндігі мол. Қазақстан Алматы-2022 өтінімін Швейцарияда таныстырғанда, мен Лозаннада болғанмын, сол кездің өзінде Қазақстан жиналғандарды қатты таңғалдырған еді. Ал қазір ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ, барлығы онсыз да анық. Мен, Олимпиада жүлдегері ретінде ХОК делегаттарына айтарым бар деп ойлаймын, менің сөзім ешкімді де бей-жай қалдырмайды», - дейді BNews.kz агенттігіне сұхбат берген Денис Тен.

Қазір Малайзия астанасы Куала-Лумпурге Халықаралық Олимпиада комитеті 128 сессиясының делегаттары ағылуда. Алматы-2022 өтінім комитеті 100-ден аса адамнан құралған.

BNews.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или