Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлем теннисшілерінің көшін бастады

Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлем теннисшілерінің көшін бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші биылғы маусымда 25 матчта 201 эйске қол жеткізді.

Франциялық Каролин Гарсия екінші, Беларусь өкілі Арина Соболенко үшінші орында.

Бүгін Е.Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды.

Әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула ширек финалда рейтингте 26-орында тұрған ресейлік Анастасия Потапованы 4:6, 6:3, 7:6 (7:2) есебімен ұтты. А.Потапова есеп 5:4 болған мезетте екі матчболын пайдалана алмады.

Екі сағат 35 минутқа созылған тартысты бәсекеде Д.Пегула 1 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың сегізін өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 эйс, 7 брейкпен (17 брейк-пойнт) көзге түсті.

Өткен жылы Майами жарысының үшінші айналымында Е.Рыбакина Д.Пегуладан 3:6, 4:6 есебімен ұтылып қалған еді. Сонда кеткен есені қайтара ала ма, оны алдағы матч көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или