«Челси» клубы алғаш рет жасыл алаңда мұсылмандарға ауызашар берді
Лондондық "Челси" футбол клубы мұсылмандарға арнап ауызашар берді. Клуб басшылығы ауызашарды жергілікті "Стэмфорд Бридж" стадионында ұйымдастырған.
Ауызашар алғаш рет ағылшын премьер-лигасы тарихында стадионның жасыл алаңында өтіп отыр. Клубтың ресми алаңы "Стэмфорд Бриджде" мұсылмандар ауыз ашу рәсіміне қатысты. Ауызашарға жиналған мұсылман жұрт өзара әңгіме-дүкен құрып, қасиетті ай туралы шүйіркелесті.
"Біз әрбір жанкүйердің қуанышын бөліскіміз келеді. Бұл ерекше оқиға. "Челси" ашық түрде ауызашар өткізген Премьер-лигадағы алғашқы клуб атанды", - деді лорд Даниеэль Финкельштейн.
Ауызашарға ислам ұйымдарының өкілдері де қатысқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или