Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы екінші жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы екінші жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық боксшы Айдын Елжанов (6-1, 4 КО) АҚШ-тағы екінші жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, 1 сәуірде Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында жерлесіміз 19 жастағы мексикалық боксшы Хуан Фернандес Мартинеспен (2-2-1) кездеседі. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, 11 ақпанда Айдын Елжанов АҚШ-тағы алғашқы кездесуін өткізіп, америкалық Трентон Гибсонды (2-5, 1 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или