Қазақстандық боксшы Мексикадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық боксшы Мексикадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (8-0, 6 КО) кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз 25 наурызда Мехикалиде (Мексика) жергілікті спортшы Хуан Карлос Мирелеспен (8-3-2, 6 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Салмақ өлшеу қорытындысында Павлов таразыда 56,2 келі, Мирелес 54,5 келі көрсетті. Екінші жеңіл салмақ шегі 55,2 келі болғанымен, титулды емес жекпе-жекте сәл артық салмаққа рұқсат етіледі.

Айта кетейік, Евгений Павлов бұған дейінгі жекпе-жегін 2022 жылы 15 қазанда Тихуанада (Мексика) өткізді. Онда 23 жастағы отандасымыз жерігілкті спортшы Хесус Гомес Кинтананы алтыншы раундта (11-10, 8 КО) нокаутқа түсірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или