Нұрмағанбет пен Аманқұлдың келесі жекпе-жегі қашан өтеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Бек Нұрмағанбет (8-0, 6КО) пен Әбілхан Аманқұл (2-0, 1КО) келесі жекпе-жегін 15 сәуірде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Біздің спортшылар Калифорнияда (АҚШ) өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.
Супер орта салмақтағы Бек колумбиялық Эбер Рондонмен (20-3, 13КО) кездеседі. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
Ал Әбілхан Аманқұл орта салмақта жұдырықтасады. Оның қарсыласы әлі анықталған жоқ. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.
Айта кетейік, екі боксшы да Сауль Альварес залында жаттығып жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или