Жеңіл салмақтың жаңа патшасы, рэпердің дебюті және UFC басшысына ұсыныс
22 наурызда Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық жекпе-жек промоушенінің кезекті ивенті OCTAGON 43 өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Көрермендер Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Иран файтерлері қатысқан он бір жекпе-жекті тамашалады. Турнир барысында танымал қазақстандық рэп әртісі ALTAIR-дың дебюті, сондай-ақ Айваз Айдинов пен Илмбек Акылбек улуу арасындағы жеңіл салмақтағы Гран-придің финалы өтті.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек кешінің алғашқы кездесуінде екі қазақстандық Батыл Қуанышбаев (1-0) мен Қуаныш Тимур (1-0) кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша 19 жастағы Тимур төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңісті тойлады.
Аса жеңіл салмақ дәрежесінде қазақстандық файтерлер – Бекасыл Бақытов (0-1) пен Бейбітжан Қобыланов (2-0) күш сынасты. Жеңілмеген Қобыланов бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.
Кештің үшінші жекпе-жегінде тәжікстандық Зикрио Холмуродзода (1-1) мен қазақстандық Ғабидолла Мырзашев (3-1) күш сынасты. Жекпе-жек алғашқы бес минуттың ортасында Тәжікстан өкілінің жеңісімен аяқталды.

Одан кейін сегізбұрышқа қырғызстандық Абузар Исраил уулу (3-0) мен тәжікстандық Шахриер Вохидов (2-0) шықты. Жекпе-жек өте әсерлі болып, екінші раундта қырғызстандық спортшы техникалық нокаутпен жеңді.
Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жекте танымал қазақстандық рэпер Альтаир Үсенов (ALTAIR) пен оның отандасы Мақсат Тұрсынмаметов ММА-дегі дебютін өткізді. Үсенов басымдықты бірден қолға алды және екінші минутта-ақ бірнеше дәл соққылардан кейін төреші кездесуді тоқтатты. Рэпер мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Кештің алтыншы жекпе-жегінде жеңіл салмақта әзербайжандық Кенан Есгендерли (3-1) тәжірибелі қазақстандық Утукжан Союзовпен (5-4) кездесті. Жекпе-жек тең дәрежеде өтіп, нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Әйелдер арасындағы жалғыз кездесуде қазақстандық Аян Тұрсын (2-0) мен қырғызстандық Бақтыгүл Құрманбековамен (2-1) жекпе-жекке шықты. Үш раундтық күрестің нәтижесінде Тұрсын жеңіске жетті.

Қызықты жекпе-жек ең жеңіл салмақта өтті, онда кәсіби мансабында әлі ұтылмаған екі файтер - тәжік Саймумин Мадиев (5-0) және 19 жастағы өзбек Санжар Закиров (4-0) кездесті. Үшінші раундта Закиров техникалық нокаутпен жеңді.
Кештің басты екі оқиғасы алдында, ұзақ үзілістен кейін торға оралған тәжірибелі қазақ файтері Нұрсұлтан Қасыхманов (11-4) ирандық Мартеза Резаимен (6-2) күш сынасты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек бірінші раундта-ақ Қасымхановтың техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.

Белгілі қазақстандық файтер Әлішер Ғабдуллин (11-3) турнирдің негізгі жекпе-жегінде өнер көрсетті, ол жеңіл салмақта Еуразиялық промоушенде дебютін өткізген әзербайжандық Фарид Алибабазадемен (8-5-1) кездесті. Жекпе-жектің бірінші жартысы тең өтті, бірақ екінші раундтың соңында әзербайжандық файтер сенсация жасап, қылқындыру әдісімен жеңді. Ол Ғабдулиннің 7 жекпе-жекке созылған жеңіс сериясын тоқтатты.

Алибабазаденің күтпеген жеңісінен кейін OCTAGON-ның жеңіл салмақтағы чемпионы Дамир «Казахский Сехудосы» Төленов әзербайжандық файтерді жекпе-жекке шақырды.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Айваз Айдинов (5-1) пен қырғыз спортшысы Илимбек Акылбек уулу (6-1) арасында жеңіл салмақтағы Гран-при финалы өтті. Жекпе-жек барлық бес раундқа созылмады. Алғашқы екі раундта файтерлер басымдыққа таласты, бір-бірінің әлсіз жақтарын іздеумен болды. Үшінші раундтың соңына қарай қырғызстандық файтер қылқындыру әдісін қолданып, жеңіске жетті.

Осылайша, Акылбек уулу ұйымның аса жеңіл салмақтағы чемпионы атанып, 10 мың доллар көлемінде сыйақы алды. Ол кездесуден соң UFC президенті Дана Уайтқа үн қатып, алдағы уақытта ең танымал ұйымға баратынын айтты.
Еуразиялық промоушеннің келесі ивенті 29 сәуірде Алматыда өтеді. OCTAGON 44 турнирінің басты жекпе-жегінде Магомед Магомедов (11-0) Әділ Боранбаевпен (21-9-1) кездесуде жартылай орта дивизиондағы чемпиондық титулын қорғайды. Сондай-ақ, жекпе-жек шоуы аясында белгілі қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар (5-2) сегізбұрышқа оралады, оның қарсыласы ирандық Мұхаммед Реза (4-3-1) болады.
Фото: OCTAGON