«Арсенал» түлегі қазақстандық командаға ауысты
Украиналық футболшы Микола Агапов оралдық «Ақжайықпен» келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Микола Харьков тумасы. «Арсенал» мен «Металисттің» жастар командасында ойнаған. Ал кәсіпқой карьерасын «Десна» ұжымында бастаған. Одан бөлек, харьковтік «Гелиус» пен краматорскілік «Авангардта» доп тепті.
Сонымен қатар, түркиялық «Гебзеспор» мен «Ичельспор» ұжымдарында ойнаған. Өткен маусымда Өзбекстанның «Машаль Мубарек» клубында өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или