Озил спорттағы мансабын аяқтады
34 жастағы неміс футболшысы Месут Өзил спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлаған.
"Ұзақ ойланғаннан кейін мен кәсіби футболдан кететінімді хабарлаймын. Маған 17 жыл бойы кәсіби футболшы болу бақыты бұйырды. Мен бұл мүмкіндігім үшін шексіз алғыс айтамын. Бірақ соңғы уақыттарда бірнеше жарақат алғаннан кейін үлкен футбол аренасынан кететін уақыттың келгені анық болды", - деді ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или