Мәскеуде қазақ жастары шахмат турнирін өткізді

Мәскеуде қазақ жастары шахмат турнирін өткізді

<span>Мәскеуде қазақ жастарының ұлттық ұйымы Наурызға орай шахматтан турнирін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.</span>

<span>Оған Қазақстаннан келіп оқып жүрген студенттер, сонымен бірге Омбы, Астрахань, Волгоград қазақтары қатысты. Ресей астанасында ай сайын өтетін мұндай басқосулар жастардың бір-бірімен танысып, араласып, туған елмен байланысып отыруларына сеп дейді іс-шараны ұйымдастырушылар. </span>

<span>Сұлтан Салауатулы, Мәскеу қаласының қазақ ұлттық ұйымының мүшесі: </span>

<span>- Студенттер, басқа жақтан, басқа өңірлерден жұмыс жасауға келген қазақтар, солардың басын қосып, көптеген іс-шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Мысалы, шахматтық турнир өткізіп жатырмыз. Қырық шақты адам атсалысып жатыр.  Болашақта одан да үлкен болады деп ойлаймыз қатысушылар саны.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или