Мейірім Нұрсұлтанов: Титулдық жекпе-жекке жақындап қалдым

Мейірім Нұрсұлтанов: Титулдық жекпе-жекке жақындап қалдым

Жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Оңтүстік Кореядағы алдағы жекпе-жек және титул үшін күресу мүмкіндігі туралы айтты.

- Мейірім, Оңтүстік Кореядағы жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр? Қарсыласыңызды зерттеп үлгердіңіз бе?

- Жекпе-жекке дайындық жақсы жүріп жатыр. Қазір Алматыда жаттығып жатырмын. Қарсыласым жапон Сито Такесаки. Рекорды керемет: 15-0, оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтады. Панчер. Біз оның жекпе-жегін зерттеп жатырмыз.

- Көптеген әлемдік рейтингтерде сіз үздік 10-ға кіресіз. Өзіңізді титулдық жекпе-жекке жақынмын деп ойлайсыз ба?

- Құдайға шүкір, барлық рейтингтерге кіремін. Титулдық жекпе-жекке аз қалды. Әрине, бәрін уақыт көрсетеді. Биыл жыл соңында не келер жылдың басында титулға күресуге дайынмын. 

- Сіз кәсіби мансабыңызды Америкада бастаған едіңіз. Бірақ соңғы уақытта Қазақстанда немесе Еуропа елдерінде жекпе-жек өткізіп жүрсіз. АҚШ-қа оралу жоспарда бар ма?

- Ия, әрине. Америкада шаршы алаңға шығуды жоспарлап отырмын, өйткені барлық ірі жекпе-жектер сол жерде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или