Қазақстандық теннисшілер ATP рейтингіндегі орындарын білді

Қазақстандық теннисшілер ATP рейтингіндегі орындарын білді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екі сатыға төмендеп, 48-орында тұр. Тимофей Скатов 15 сатыға төмендеді (155-орын). Михаил Кукушкин 28 сатыға төмендеп, 275-орынға түсті.

Рейтингтің жекелей сынында испаниялық Карлос Алькарас көш бастап келеді. Екінші орында Новак Джокович (Сербия), үздік үштікті грекиялық Стефанос Циципас түйіндеді.

Жұптық сында қазақстандық Александр Недовесов бір сатыға көтерілді (68-орын). Андрей Голубев 13 сатығв төмендеп, рейтингте 71-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или