Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ: бесінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы
20 наурызда Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 52, 54, 70 және 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалдық жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды.
Күндізгі сессия елорда уақытымен 14:30-да басталады. Үшінші жұпта Жазира Урақбаева (52 келіге дейін) үндістандық Сакши Сакшимен кездеседі.
Алтыншы жұпта Мәдина Нұршаева оңтүстіккореялық Хонген Чоймен жұдырықтасады.
Кешкі сессияда Жайна Шекербекова (54 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (75 келі) жекпе-жек өткізеді. Шекербекова өзбекстандық Нигина Уктамовамен күш сынасады. Хальзова венесуэлалық Мариэлис Ирисамен кездеседі.<br />
<span></span>
<span></span>
<span></span>
Фото: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или