Артистік жүзуден Әлем Кубогы кезеңінде Ұлттық құрама қоржыны тағы бір жүлдемен толықты
![Артистік жүзуден Әлем Кубогы кезеңінде Ұлттық құрама қоржыны тағы бір жүлдемен толықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/201131_1e21f36c37702fe2e14b422694d14938.png?v=28701370)
Канаданың Маркем қаласында артистік жүзуден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр.
Ұлттық құрама спортшылары Эдуард Ким мен Наргиза Болатова аралас жұптар арасындағы техникалық бағадрламада 3-орын алды. Олар 177,3167 балл жинады.
Осымен Қазақстан құрамасының еншісінде 1 күміс және 2 қола медаль болды. Сәл ертеректе Эдуард Ким жекелей сында қос жүлдеге ие болған. Көш басында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде жеңіп алған Жапония құрамасы тұр. Мұндағы сынға 23 елден 120-ға тарта спортшы жиналды.