«Ащ, Ащ» немесе ұрып жүріп қаш. Бейбіт қашан шынымен бокстасады?

Бүгін таңертең Лас-Вегас қаласында қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов америкалық Би Джей Флореспен жұдырықтасты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бүкіл бокс сүйер қауым Головкин мен Лемье арасындағы жекпе-жектің ресми түрде жарияланғанын әңгіме еткенде, Шүменов ұпай санымен кезекті «күмәнді» жеңісіне қол жеткізді. Былай қарасақ бокста бұл жиі кездесетін жайт, бірақ Бейбіт үшін бұл жат нәрсе емес. Себебі осыдан бірнеше жыл бұрын Шүменов испаниялық Кампильодан оңбай ұтылған болатын, бірақ қазылар жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Тіпті кездесу аяқталған соң америкалық жанкүйерлер наразы болып, жерлесімізге ысқырған болатын. Соған қарамастан, Шүменов WBA чемпиондық белбеуіне ие болып, жылына бір рет шаршы алаңға шығып отырды.

Бейбіттің қандай боксшы екенін бәрі біледі, Қазақстан құрамасы сапында Афиныда өткен Олимпиада ойындарының бірінші кезеңінде польшалық Алексей Кузимскиді ұтып, ары қарай қолын сындырып жарысты соңына дейін аяқтай алмаған еді. Артынша, шымкенттің тумасы кәсіпқой боксқа ауысты.

Габриэль Кампильомен болған жекпе-жек

2011-ші жылы жартылай ауыр салмақ дәрежесінде WBA чемпионы испаниялық Кампильоға жақсы ұсыныс түскен соң, Габриэль Шүменовпен жекпе-жек өткізу үшін Қазақстанға аттанды. Бейбіттің мұндай қарсыласқа дайын болмағаны ма, әлде басқа себептер болды ма, Шүменов ұпай санымен тәжірибелі боксшыдан жеңілді. Араға бір жыл салып, Шүменов Лас-Вегас қаласында Кампильодан есесін қайтарды (қалай қайтарғанын үстіндегі видеодан көре аласыздар).

Атамыздан таяқ жеген сәт

Былтыр, сәуірдің 19-ы Бейбіт Шүменов өзінің кәсіпқой мансабындағы ең үлкен жекпе-жегін өткізді. Қарсыласы атақты, бірақ жасы келген Бернард Хопкинс болды. Америкалық боксшы сол уақытта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Барша Қазақстан жерлесімізден жеңіс күткен болатын, алайда Бейбіт он екі раунд бойы 50-ге жақындаған «қариядан» таяқ жеп, жанкүйерлердің көңілін тағы бір қайтарды. Тіпті бір рет нокдаунға түсіп үлгерді. Кейін, осы «шалды» ресейлік Сергей Ковалев оңбай ұтқан. Бұл жекпе-жектің ең қызығы – Бейбіттің кездесуге бапкерсіз дайындалғаны! Сұмдық, иә? Өміріндегі ең үлкен айқасқа бапкерсіз дайындалу - миға сыймайтын дүние. Бұл Шүменовтің боксты жай хобби ретінде ғана қарастыратынын аңғартады. Басқаша мұны түсіндіру қиын.

Кездесу аяқталысымен Бейбіт бірден ауыр салмақ дәрежесіне көтерілді. Сонымен қатар, ол есін жиып кубалық бапкер Исмаэл Саласты қатарына қосты. Негізі, Шуменов сегіз қырлы, бір сырлы жігіт – ол өз-өзіне промоутер, менеджер әрі бапкер. Әйгілі Мэйвезердің өзі мұндайға қызғанатын шығар. Бейбіттің үлкен бокста өзін толық көрсете алмауына осы себеп шығар. Боксшы деген алдымен өзінің негізгі жұмысын атқару қажет емес пе?

Міне бүгінде Шүменов өзінің ауыр салмақтағы алғашқы кездесуін өткізді. Қарсыласы Хопкинс сияқты мықты боксшы болған жоқ. Америкалық боксшы Би Джей Флорес өз салмағында үздік боксшылардың қатарына кірмейді, бұған қоса австралиялық Дэнни Гриннен жеңілген екен. Бірақ соның өзінде жерлесіміз сенімді бокс көрсете алмай, қарсыласын әрең дегенде «жеңді». Шын айтсақ, Шүменовтың Головкин секілді ұтымды әрі қызық бокс стилін көрсетпейтіні бәріне мәлім. Бәлкім, бұл боксшының физиялогиясына байланысты шығар. Бірақ, бүгінгі жеңіс үлкен күмән тудырды.

Ендігі қарсыласы ресейлік Денис Лебедев болмақ – WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Бұл кездесуге болжам жасау қиын, Бейбітке оңай болмайтыны айдан анық. Денис өте ірі әрі мықты боксшы. Онымен жекпе-жекте бүгінгідей шаршы алаңның бос бұрышын іздеу көмектеспейді. Сондықтан, жерлесіміз аянбай тер төргіп, қарсыласын мұқият зерттеп, тыңғылықты дайындалып, Қазақ елінің абыройын аяқпен баспайды деген ойдамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или