«Қазақшаң қалай?». Мемлекеттік тілді менсінбейтін клубтар тізімі

«Қазақшаң қалай?». Мемлекеттік тілді менсінбейтін клубтар тізімі

Кез келген спорт клубының маңызды жаңалықтарды жанкүйерлеріне хабарлап отыратын ресми сайты болады. Бұл - заман талабы. Команданың ресми сайты - оның айнасы, бет-пердесі. Сол себепті «PROСПОРТ» тілшісі отандық командалардың ресми сайттарын саралап көрді.

Қазақстандық спорт клубтардың ресми сайттарын "ақтарып" отырып мынандай ойға келдім: басым көпшілігі мемлекеттік (Қазақ!) тілде жаңалық жазбайды. Осы тұста отандық белгілі клубтардың ғаламтор желісіндегі порталдарына тоқталып көрсек.

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген елордалық «Барыс» ресми сайтын жиі толтырып, жанкүйерлерін соңғы жаңалықтардан хабардар етіп тұрады. Бірақ оның барлығы орыс тілінде ғана жазылған. Порталдың қазақша бөлімі ашылмаған да! Ал Жоғары лигада бақ сынап жүрген отандық екі клубымыз өскемендік «Казцинк-Торпедо» мен қарағандылық «Сарыарқа» да ресми сайттарын қазақ жанкүйерлерінің ыңғайына жасамапты.

Баскетболымыздың да жағдайы мәз емес. Халықаралық турнирлерде еліміздің намысын қорғап жүрген «Алматинский Легион» (атауын қарасаңызшы, "Алматы Легионы" емес), «Барсы Атырау» да ақпаратты тек орыс тілінде жазады екен. Тек «Астана» баскетбол клубының ресми сайты ғана көңіл көншітеді. Елордалық клуб жаңалықтарын орысша, қазақша және ағылшын тілінде тұрақты жариялап отырады. «Astana Pro Team» клубы да жаңалықтарын үш тілде жазады.

«Астана Арланс» кәсіпқой бокс клубының порталы да қазақ тілді жанкүйерлерін ойлаған екен. Ұжымның ресми сайтында екі тілде де жаңалық оқуға болады. Ал «Алаш Прайд» болса, порталын тек орысша ғана толтырады.

Мини-футболда еліміздің намысын Еуропаға танытып жүрген алматылық «Қайрат» та орыс тілде ғана жаңалықтарын жазады. Бейне бір ресейлік клуб секілді. Қарағандылық «Тұлпардың» қазақша бөлімі бар болғанымен, "шаң басқан"... Ол жақ тек орысша сайрап тұр.

Ал футбол клубтарының әңгімесі тіпті бөлек. Премьер-лигада сынға түсіп жатқан клубтардың ресми сайттарына көз жүгіртіп көрсек. Еліміздегі азулы клубтарының бірі «Ақтөбе» мен «Ертісте» ғана қазақ бөлімі ашылмаған екен. Ең қызығы, Қазақстандағы қазақи деген ақтөбеліктердің порталы тек орысша жаңалықтармен толтырылған. Керекуліктер, тіпті, ағылшын бөлімін ашып қойған екен. Бірақ әлі қазақ тілді жанкүйерлері туралы ойламапты. Қазақша жазбалармен парақшасын тұрақты толтырып отыратын екі-ақ клубымыз бар – «Астана», «Қайсар». «Қайрат» қазақ тілінде материалды айына бір рет қана жазады. Соңғысы 10-шы шілдеде жарияланған (кіріп көріңіздер). Қалған командалардың барлығы да қазақ бөлімін ашып қойғанымен, ол жақта жұмыс тоқтап қалған көрінеді.

Өкінішке қарай, отандық клубтардың ресми сайттары осындай "бейшара" халде. Қазақша жаңалық жазып тұратын ұжымдарды санауға бір қолдың да саусақтары жеткілікті...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или