Теннис

Қазақстан әйелдер құрамасының Польшаға қарсы ойынға құрамы жарияланды

Қазақстан әйелдер құрамасының Польшаға қарсы ойынға құрамы жарияланды

Елена Рыбакина және тағы 5 спортшы Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіндегі ойынына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ярослава Шведова басқаратын Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы мына ойыншыларды таңдады: Елена Рыбакина (WTA жекелей рейтингінде 10-орын), Юлия Путинцева (WTA жекелей рейтингінде 42-нөмір), Анна Данилина (WTA жұптық рейтингінде 25-нөмір), Гозаль Айнитдинова (WTA рейтингінде 333-нөмір), Жанель Рүстемова (WTA жұптық рейтингінде 973-нөмір). Қосымша ойыншы – Аружан Сағындықова (WTA рейтингінде 968-нөмір).

Матчтар 14-15 сәуірде Астанада Ұлттық теннис орталығындағы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0