2020 жылғы жазғы Олимпиаданың танымбелгісі таныстырылды (видео)

2020 жылы Жапония астанасы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары мен Паралимпиада ойындарының танымбелгісі (логотип) таныстырылды. Олимпиада ойындарының танымбелгісі «т» әріпі болса, Паралимпиадаға теңдік белгісі таңдалған.

- Бұл сәтті бәріміз асыға күттік. Токио Олимпиадасының танымбелгісі – өте керемет жасалған туынды. Онда Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатын әлем спортшыларының жоғарғы мақсаттары көрініс тапқан, - деді «Токио-2020» Олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің басшысы Есиро Мори.

Жапон дизайнері Кендзиро Сано жасаған танымбелгідегі «т» әрібі үш сөздің мағынасын береді: «Токио», «ертең» (tomorrow) және «команда» (team).

Айта кетейік, Токио 2020 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын 2013 жылы Буэнос-Айресте өткен ХОК -тың 125-ші отырысындағы дауыс беру қорытындысында иеленген еді. Жапония астанасы дүбірлі доданы өз тарихында алғаш рет қабылдайын деп отырған жоқ. 1964 жылғы Олимпиада Токиода өткен.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или