Головкин: «Уордпен жұдырықтасқым келеді»

Орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпоны Геннадий Головкин америкалық Андре Уордпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ол тамаша боксшы. Бұл екеуіміз үшін де тамаша кездесу болар еді. Мен жағдайдың бірдей жасалғанын қалаймын. Оның менімен жұдырықтасқысы келеді. Мен дайынмын. Менің де онымен жұдырықтасқым келеді. Ол екі жыл бойы рингке шыққан жоқ, сондықтан жағдайы жақсы емес. Ал менің жағдайым бірнеше есе жақсы. Гонорарды бөлгенде 50:50, салмақ таңдауда да 50:50 болғанын қалаймын. Осылай дұрыс болады», - деді Головкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или