Күрес

Самбодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Самбодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Ақтау қаласында самбодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеде еліміздің барлық өңірінен келген 500-ге жуық балуан бақ сынамақ. Бұл – рекорд. Бұған дейін ел чемпионатына мұнша қатысушы жиналмаған.

ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан байрақты бәсеке қортындысы бойынша Ұлттық құрама жасақталады.

Олар 12-18 маусым аралығында Алматыда өтетін үш жас санатындағы Азия чемпионатында бақ сынайды. Ал ол сында топ жарып, көзген түскен самбошылар қазан айында Бішкекте өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Ақтаудағы ел чемпионаты 21 ақпанға дейін жалғасады.  

Түпнұсқасы: kazsports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0