WBO рейтингісінде көшбасшы ауысты, ол Әлімханұлына қарсылас атануы мүмкін
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) британиялық Лиам Смитті орта салмақтағы рейтингте бірінші орынға қоюды қарастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы ұйым твиттер желісінде хабарлады.
Лиам Смит орта салмақтағы рейтингте бірінші орынға шықса, қазір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына тиесілі WBO титулына басты үміткер болады деген сөз.
Әлімханұлы бұл жаңалыққа баса назар аударып, WBO жазбасына пікір білдірді. Ол жазба соңына екі эмодзи жариялап, жағдайды жіті бақылап отырғанын аңғартты.
Айта кетейік, WBO рейтингісінің бұған дейінгі нұсқасында орта салмақта мексикалық Хайме Мунгуя бірінші орында тұрған. Бірақ ол Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартты.
Please be advised that the WBO Ratings Committee is considering installing former WBO Champion @LiamBeefySmith at the number #1 position in the Middleweight Ratings.
— WBO (@WorldBoxingOrg) February 15, 2023