Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегінің күнін білді
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) келесі жекпе-жегінің күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec мәліметінше, қазақстандық боксшы 21 наурызда Алматыда мексикалық боксшы Алехандро Менесеске (16-5, 9 КО) қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық титулы сарапқа салынады.
Еске салайық, бұған дейін Жанқош Тұраров 18 наурызда рингке шығатыны хабарланған болатын.
Фото:instagram.com/zhankoshturarov
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или