Қазақстандық боксшылардың АҚШ-тағы жекпе-жектері қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшылардың АҚШ-тағы жекпе-жектері қашан өтетіні белгілі болды

Кәсіпқой рингте жеңілмеген қазақ боксшылары Серік Мұсаділов (14-0, 12 КО) пен Мұса Тұрсынғалиев (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін наурыз айының ортасында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com бокс статистикасы порталының хабарлауынша, Мұсаділов пен Тұрсынғалиев 18 наурызда Тампа қаласында (Флорида, АҚШ) өтетін шараға қатысады.

Қазақстандықтардың қарсыластарының есімдері кейінірек белгілі болады.

Бұған дейін Серік пен Мұса 11 наурызда Флоридада орналасқан Орландодағы бокс кешінде өнер көрсетеді деп жоспарланған болатын. Алайда бірнеше күн бұрын олардың есімдері жекпе-жек кардынан өшті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или