Александр Бублик түрлі жарыста қатарынан оныншы рет жеңіліс тапты

Александр Бублик түрлі жарыста қатарынан оныншы рет жеңіліс тапты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, қазіргі кезде рейтингте 130-орында тұрған швейцариялық Стэн Вавринкамен кездесті.

Бірінші партияда тай-брейкте А.Бублик минибрейк жасағанымен, сол басымдылығын ұстап тұра алмады – 6:7 (5:7).

Екінші сетте қарсыласы 6:4 есебімен басым түсті.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 6 эйспен ғана көзге түсті. С.Вавринка 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Осылайша, А.Бублик түрлі жарыста оныншы рет қатарынан жеңіліс тапты. Ол өткен жылдың қазан айынан бері жеңіске жете алмай келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или