Бублик ATP рейтингінің топ-50 қатарында қалды
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик 50-орында қалды. Тимофей Скатов екі сатыға көтеріліп, 125-орында келеді. Денис Евсеев 22 сатыға көтерелді, ал Михаил Кукушкин, Бейбіт Жукаев және Дмитрий Попко рейтингте төмендеді.
Жұптық рейтингте Андрей Голубев пен Александр Недовесов 90 ұпайдан қосып, төрт және алты сатыға көтерілді. Голубев 43-орында, Недовесов 61-орында келеді.
ATP рейтингі. 13 ақпандағы орындар
1 (0). Новак Джокович (Сербия) – 7070
2 (0). Карлос Алькарас (Испания) – 6730
3 (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 5940
4 (0). Каспер Рууд (Норвегия) – 5515
5. (0). Андрей Рублев (Ресей) – 4065
6 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 3815
7 (+1). Тэйлор Фритц (АҚШ) – 3455
8 (-1). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 3260
9 (0). Хольгер Руне (Норвегия) – 3136
10 (+1). Хуберт Хуркач (Польша) – 2950
50 (0). Александр Бублик (Қазақстан) – 865
125 (+2). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 431
226 (-9). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 244
307 (+22). Денис Евсеев (Қазақстан) – 164
312 (-8). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 162
404 (-19). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 114
978 (0). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 12
Фото atptour.com