Конькимен жүгіру. Қазақстандық спортшы Әлем кубогының жалпы есебінде көш бастады

Конькимен жүгіру. Қазақстандық спортшы Әлем кубогының жалпы есебінде көш бастады

Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен 2022/23 жылғы маусымның Әлем кубогында бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Никиша ерлер арасында 500 метрге жарыстағы жалпы есепте топ жарды, ол сегіз кезеңде 402 ұпай жинады. Екінші орынды канадалық Стивен Дюбуа (348 ұпай) алды. Ал үздік үштікті польшалық Диан Селье (326 ұпай) түйіндеді.

500 метрге жарыстың жалпы есебінде тағы екі қазақстандық бар: Абзал Әжғалиев 228 ұпаймен 8-орын еншіледі, ал 48 орындағы Санжар Жанисов 10 үпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или