Қазақстан Кубогы-2023 жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

Қазақстан Кубогы-2023 жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

13 ақпанда футболдан Қазақстан кубогының бастапқы және негізгі кезеңдерінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚКФЛ мәліметінше, бастапқы кезеңде 16 команда 4 топқа бөлінеді. Топтардың жеңімпаздары плей-офф кезеңінде бір-бірімен кездесіп, жарыстың негізгі кезеңінде Қазақстан чемпионатына қатысушы 14 командаға қосылатын клубты анықтайды.

2023 жылғы маусымда Кубоктың бастапқы кезеңіне келесі командалар қатысады: «Оңтүстік Академиясы» (Шымкент), «Ақжайық» (Орал), «Алтай» (Өскемен), «Арыс» (Арыс), «Елімай» (Семей), «Жас Қыран» (Алматы), «Жетісай» (Жетісай), «Жеңіс» (Астана), «Қыран» (Түркістан облысы), «Тараз» (Тараз), «Тұран» (Түркістан), «Ұлытау» (Жезқазған), «Хан Тәңірі» (Алматы), «Яссы» (Түркістан), «AKAS» (Алматы), «SD Family» (Астана). Бастапқы кезең Шымкентте 15 наурызда басталады.

Қазақстан Кубогы-2023 жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.

Фото pflk.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или