Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында тағы үш медаль

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында тағы үш медаль

Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында биіктікке секіру дисциплинасында барлық жүлдені қазақстандық спортшылар иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай жағдай құрлықтық дода тарихында алғаш рет тіркелді.

Биіктікке секіруде медальдардың барлық үш жиынтығын жеңіп алған қазақстандық қыздар: «Алтынды» Надежда Дубовицкая (көрсеткіші - 1.89), «күмісті» Кристина Овчинникова (1.89), «қоланы» Елизавета Матвеева (1.84 сантиметр) иеленді.

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или