Азия чемпионатында биіктікке секіруден қазақ қыздары жеңіс тұғырын толығымен иеленді

Азия чемпионатында биіктікке секіруден қазақ қыздары жеңіс тұғырын толығымен иеленді

Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында әйелдер арасында биіктікке секіруден жарыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарыс бойынша тұғырдың барлығын Қазақстан өкілдері иеленді.

Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова жарысты 1,89 м нәтижемен аяқтады. Әрекеттердің аз болуына байланысты Дубовицкая құрлық чемпионы атанса, Овчинникова күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдені 1,84 м көрсеткішпен Елизавета Матвеева жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или