Яир Родригес жеңіл салмақта UFC-дің уақытша чемпионы атанды

Яир Родригес жеңіл салмақта UFC-дің уақытша чемпионы атанды

Перт қаласында (Австралия) өтіп жатқан аралас жекпе-жектен UFC 284 турнирінің басты кардында дивизион рейтингінің екінші және бесінші нөмірлері – мексикалық Яир Родригес пен американдық Джош Эмметт уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектің шешуші сәті екінші раундта туды. Бірқатар дәл соққылардан кейін шалқасынан жатқан мексикалық қарсыласының мойнынан аяғымен ұстады. Осы құрсаудан Эммет құтыла алмай, еден соғуға мәжбүр болды. Төреші Джейсон Герцог 4:19 шамасында Родригестің жеңісін тіркеді.

Жаңадан тағайындалған жеңіл салмақтағы UFC уақытша чемпионы үшін бұл жеңіс үш жеңіліспен кәсіби ММА мансабындағы 15-ші жеңіс болды (UFC-де ол 10 жеңіске жетіп, 2 жеңіліске ұшырады).

Джош Эмметттің кәсіпқой рекорды қазір 18 жеңіс пен 3 жеңіліс (оның 9 жеңісі мен 3 жеңілісі UFC аясындағы жекпе-жектерде).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или