Чавес-кіші: «Қолымды жарақаттамағанымда, нокаутпен жеңер едім»

Хулио Сезар Чавес-кіші Маркос Рейесті жеңгеннен кейін алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Естеріңізге сала кетсек, бұл жекпе-жек 18 шілдеде АҚШ-та өтіп, Чавес төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

«Мен жеңдім. Бұл – мен үшін және бапкерім Роберт Гарсия үшін үлкен жеңіс. Бұдан да жақсы өнер көрсете аламын, бірақ ең маңыздысы, мен жеңдім. Енді 168 фунт дәрежесінде жұдырықтаспақпын. Ақырындап салмағымды келтіріп аламын. Үшінші раундта сол қолымда жарақаттап алдым. Сынып қалды ғой деймін, бірақ нақты білмеймін. Дәрігер нақтысын айтады. Рейесті қанша сыйласам да, айтайын: егер қолымды жарақаттап алмағанымда, оны нокаутқа түсіретін едім», - деді Чавес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или