Баскетболдан Қазақстан кубогы: Финалистер анықталды

Баскетболдан Қазақстан кубогы: Финалистер анықталды

Атырауда баскетболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының жартылай финалдық ойындары, сондай-ақ бесінші орын үшін алғашқы кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бесінші орын үшін өткен серияның алғашқы ойынында «Тобыл» ойыншылары «Алматинский Легион-2» командасын жеңді. Есеп – 96:66 (23:14, 29:21, 27:23, 17:8).

Ал финалға «Ақтөбені» 78:57 (24:9, 25:14, 16:20, 13:14) есебімен жеңген «Астана» мен «Барсы Атыраудан» 84:52 (11:13, 26:18, 21:8, 26:13) есебімен басым түскен алматылық «Ирбис» жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или