Дэвис кубогы. Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

Дэвис кубогы. Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

Дэвис кубогі бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды.

Қазақстандық ерлер құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі. Осыған дейін қос құраманың жолдары тоқайласқан жоқ.

Матч 16-17 немесе 17-18 қыркүйек күндері өтеді. Болгарияны жеңген жағдайда Қазақстан командасы 2024 жылдың ақпанында командалық әлем чемпионатының іріктеу матчында ойнайды.

Биыл 4-5 ақпанда Юрий Щукиннің шәкірттері Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Ла Серена қаласында Чили құрамасына жол берген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или