Әлімханұлы Головкинге көмек қолын ұсынды

Әлімханұлы Головкинге көмек қолын ұсынды

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы отандасы Геннадий Головкинге Эрисланди Ларамен жекпе-жекке дайындалуға көмектесуге дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Жәнібек Twitter парақшасында хабарлады.

«Лара жақсы боксшы, бірақ Головкин мықтырақ. Мен солақаймын, Лара да солақай. Егер ағам Геннадийге менің көмегім керек болса, мен оның жекпе-жекке дайындалуына қуана көмектесемін. Біз қазақтар әрқашан бір-бірімізге көмектесеміз!<span>», — </span>деп жазды Әлімханұлы.

Еске салайық, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Геннадий Головкинге кубалық Эрисланди Лараға қарсы чемпиондық атағын қорғауды міндеттеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или