Геннадий Головкин IBF титулынан бас тартты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (IBF) орта салмақтағы чемпиондық атағын босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Boxingscene.com сайтының хабарлауынша, Геннадий міндетті бәсекелес бразилиялық Эскива Фалькаомен кездесуді қаламады.
Фалькао австралиялық боксшы Майкл Зерафамен IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпиондық титул үшін жұдырықтасады.
Еске салайық, Геннадий Головкин 2019 жылы украиналық Сергей Деревянченконы ұтып, IBF чемпиондық белбеуін жеңіп алған болатын. 40 жастағы қазақстандық WBA Regular титулын да иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или