Путинцева Абу-Дабидегі турнирдің екінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабиде өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз бірінші айналымда канадалық Бьянка Андреескуден басым түсті.
1 сағат 40 минутқа созылған кездесу 7:6, 6:2 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 780 000 доллардан асады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или